ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ

БАС КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ

КОНСУЛДЫҚ ӨҢІРЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының консулдық өңірлеріне: MAҢҒЫСТАУ, АTЫРАУ, AҚТӨБЕ жәнеБАТЫС ҚАЗАҚСТАНоблыстары кіреді

Бас консулдығымыз 2013 жылғы 15 тамыз күні өз жұмысын бастады және кеңсе мен резеденциясы "Aқтау қаласы, 15 шағын ауданы, «Самал» тұрғын үй массиві, учаске №56" мекенжайындағы ғимаратқа 2014 жылғы 25 наурыз күні көшті.

Маңғыстау облысының әкімшілік орталағы болып табылатын Ақтау қаласы, Каспий теңізінің жағасындағы Қазақстанның батысындағы ірі қаланың бірі болып табылады. Ақтау, Қазақстанның Каспий теңізі арқылы өтетін экспорт және импорт жасайтын порты бар жалғыз қала болып табылады. Қаланың аумағы293,6 км2, халқының саны 190 000 адамды құрайды.

Aқтау: 1961 жылы уран шикізатын өндіру үшін жұмысшыларға арналған елді мекен есебінде құрылды, 1963 жылы қала статусын алды, Кеңес одағының ыдарауына дейін, бұрын өңірде сүргін болған украин халықының ақыны Тарас Шевченконың аты беріліп, қала 1991 жылға дейін Шевченко болған. Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап қазақ тілінде Ақтау аты берілді. Ақтау қаласы, Самсун қаласымен 2014 жылдан бастап бауырлас қала болды. Сонымен бірге, Сумгаит (Әзірбайжан), Горган (Иран), Чангвон (Оңтүстік Корея) және Қарамай (Қытай) қалаларымен бауырлас қала болып табылады.

Aтырау: 1885 жылы Гурьев қаласы болып құрылды. 1992 жылы Атырау аты берілді (қазақ тілінде Атырау- өзеннің бойында деген мағана білдіреді) қала ауданы16566гектар, халқының саны 270 000.Aтырау өңірі мұнай мен газ өндіретін өңір болып табылады. Түрік инвесторлары құрылыс, мердігер, тауар және қызмет саласында жұмыс жасайды. Aтырау қаласында әуежай мен темір жол стансасы жұмыс жасайды.

Aқтөбе: 1869 жылы Ак-Тюбе қаласы болып құрылған. 1991 жылы қазақша Ақтөбе аты берілді.Қаланың ауданы 298 км2, халықының саны 494 000. Aқтөбе облысында ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және мұнай өндіру жүргізілуде. Түрік инвесторлары ең алдымен Хромтау қалсында хром өндіру саласында жұмыс жасайды. Aқтөбе қаласында әуежай мен темір жол стансасы жұмыс жасайды. Aқтөбе қаласы, Кечіөрен (Анкарадағы аудан) және Аташехир (Ыстамбұлдағы аудан) бауырлас қала болып табылады.

Oрал(Уральск): 1613 жылы Яитск қаласы болып құрылған. Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласы болып табылады. (Уральск, Жайық (Урал) өзенінің бойындағы қала деген мағананы білдіреді). Қаланың ауданы 210 км2, халқының саны 313 000. Өңірде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және мұнай өндіру жүргізілуде. Орал қаласында әуежай мен темір жол стансасы жұмыс жасайды. Орал (Уральск) қаласымен бауырлас қалалар мыналар: Mаниса (Tүркия), Плеошти (Румыния), Ростов (Ресей) және Oстрова (Чехия).

Atatürk

Sabri Alptekin