Құрметті азаматтар, Қазақстанның Батыс өңірлерінде тұратын құрметті кәсіпкерлер мен жұмысшылар!
Бас консулдығымыздың веб-сайтына қош келдіңіз. Біздің консулдық өңірлеріміз Қазақстанның Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан (Орал) облыстарын қамтиды.Каспий теңізіне жақын жоғарыда аталған аймақтарда Қазақстанның мұнай-газ, химия және порт нысандары орналасқан.Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Қазақстанның Каспий теңізіндегі портты жалғыз қала болып табылады.Біздің Бас консулдығымыз Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы Ақтау қаласында орналасқан.
Біздің еліміз Каспий теңізімен жағалауы жоқ Ақтау қаласындағы Бас консулдық деңгейіндегі жалғыз мемлекет болып табылады.Түркия Каспий теңізі арқылы теңіз, көлік және темір жолдарды байланыстыратын заманауи Жібек жолымен байланысты. Дос және бауырлас Қазақстанның гүлденген Ақтауда қаласындажұмыс істеу құрметіне және үлкен қуанышқа ие болудамыз.
Бас консулдығының басты мақсаты –азаматтарымызбен Қазақстан азаматтарына жоғары сапалы және жылдам консулдық қызмет көрсету; азаматтарымыздың экономикалық бастамаларын қолдау; жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасты нығайту; еліміздің, оның экономикалық әлеуеті мен мәдени байлығымен таныстыру.
Қазақстанда түрік инвестор компаниялары азық-түлікөндірісі, мұнай өндіру, фармацевтика, құрылыс, қонақүй, медицина және қорғаныс өнеркәсібі салаларында табысты жұмыс істейді.Біздің консулдық аймақтарда құрылыс, көлік, туризм және саудасалаларында, түрік компаниялары шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Біз,Қазақстандағы азаматтарымыздың экономикалық қызметінің тұрақты және табысты дамуын жалғастыруға өз үлесімізді қосуды жалғастырабереміз.
Сондай-ақ, азаматтардың консулдық қызметтерді алуда соңғы технологияларды пайдаланатынын атап өткіміз келеді. Шетелде тұратын отандастар электронды консулдық жүйе арқылы келесі консулдық қызметтерді жылдам ала алады: құжаттама, әскери міндеттілік, төлқұжат алу, нотариалдық қызметтер. Азаматтар консулдық қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты «www.e-konsolosluk.net» ғаламтор сайты арқылы ала алады. Консулдық call-орталығы арқылы тәулік бойы телефон +90 312 292 29 29 ақпарат алуға, ұсынысыңызды жолдауға мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ, азаматтарға ыңғайлы болу үшін twitter және facebook-те соңғы жаңалықтар мен консулдық қызметі туралы хабарландырулар жедел орналастырылатын парақшаларыиыз (twitter: TC_AktauBK, facebook: T.C. Aktau Başkonsolosluğu,э-почта: consulate.aktau@mfa.gov.tr) бар.
Біздің веб-сайтқа және әлеуметтік желілердегі парақшаларға кіргеніңізге, сондай-ақ жолдаған тілек-лебіздеріңізге рахметімізді айтамыз.
Түркия Республикасы және Бас консулдық қызметкерлерінің атынан баршаларыңызға жақсылық тілей отырып, ізетімді білдіремін.
*!INVEST IN TÜRKİYE!*